Шетелдегі 65 сайлау учаскесінде дауыс беру 72,95%-ды құрады

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Сыртқы істер министрлігінің деректері бойынша шетелдегі 65 сайлау учаскесінде дауыс беру 72,95%-ды құрады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

«Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 06:00-де Вашингтон, Нью-Йорк пен Оттавада дауыс беруге арналған учаскелер жабылды. Осылайша, Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі жалпыұлттық референдум аяқталды», - делінген ҚР СІМ хабарламасында.