Синоптиктер 6 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚР басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы болады, найзағай ойнап, жаңбыр жауып, бұршақ, дауыл болады. Еліміздің батысында қатты жаңбыр жауады. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша желдің күшеюі, солтүстігінде, шығысында тұман, оңтүстік-батысында шаңды дауыл болады», - делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, шығысында найзағай, тұман болады, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде жел 15-20 м/с күшейеді.
Алматы облысының шығысында жел күші 15/20, екпіні 25 м/с күшейіп, күндіз таулы аудандарда найзағай ойнайды.
Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз облыстың шығысында жел 15-20 м/с соғады.
Ақмола облысының оңтүстігінде, батысында найзағай ойнап, түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады, күндіз облыстың батысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысының солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейіп, күндіз облыстың таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болады.
Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Павлодар облысының солтүстігінде тұман түседі.
Күндіз Маңғыстау облысының орталығында, солтүстігінде найзағай, шаңды дауыл соғады, күндіз солтүстікте, оңтүстікте, облыстың орталығында жел 17-22, екпіні 25 м/с күшейеді.
Түнде Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, жел 15 м/с соғады.
Қарағанды облысының орталығында, шығысында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында найзағай, бұршақ, дауыл болады, күндіз оңтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Атырау облысының оңтүстігінде және орталығында найзағай, дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде тұман түседі.
Күндіз Атырау облысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.
Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.