Сағат 22:00-дегі мәлімет бойынша азаматтардың 68,44 пайызы дауыс берген
Уақыт айырмашылығына байланысты шетелдік 40 учаскеде дауыс беру әлі жалғасып жатыр. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Мұхтар Ерман мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Еліміздің барлық учаскесінде және 25 шетелдік учаскеде дауыс беру аяқталды. Шетелдік 40 учаскеде дауыс беру әлі жалғасып жатыр»,– деді «Референдум» онлайн марафонында Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Мұхтар Ерман.