Референдум: Дауыс бергендердің саны 8 миллионнан асты

Автор: Әйгерім Ердәулет

Сағат 22.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың 68,44 % бюллетень алды

Фото: Батыр-Жан Беспаев

Конституцияға түзетулер енгізу бойынша республикалық референдумда 8 миллионан астам ел азаматы дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 5 маусымда елорда уақытымен сағат 22.00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 68,44 % бюллетень алды.

Оның ішінде:

  • Ақмола облысы бойынша – 73,81%
  • Ақтөбе облысы бойынша – 58,06%
  • Алматы облысы бойынша – 72,83%
  • Атырау облысы бойынша – 67,68 %
  • Батыс Қазақстан облысы бойынша – 69,37%
  • Жамбыл облысы бойынша – 69,59%
  • Қарағанды облысы бойынша – 77,39%
  • Қостанай облысы бойынша – 72,28%
  • Қызылорда облысы бойынша – 79,89%
  • Маңғыстау облысы бойынша – 61,19%
  • Павлодар облысы бойынша – 75,53%
  • Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 75,49%
  • Түркістан облысы бойынша – 80,66%
  • Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 77,49%
  • Нұр-Сұлтан қаласы бойынша – 57,06%
  • Алматы қаласы бойынша – 33,30%
  • Шымкент қаласы бойынша – 72,53%