Екі сағат сайын есеп жүргізген кезімізде 50-70 адамдай учаскеге келіп отырғанын байқадық, дейді интервьюер
Жаңаөзен қаласы №82-83 учаскесінің exit-poll жұмысы бойынша интервьюері Анар Айзакова жергілікті тұрғындардың белсенді дауыс беріп жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«Референдумға дауыс беруге келген қала тұрғындары бірқалыпты белсенділік танытты. Негізінен орта жастағы тұрғындар белсендірек. Біз шамамен екі сағат сайын есеп жүргізген кезімізде 130-150 адамдай учаскеге келіп отырғанын байқадық. Жастармен қатар, 60-70 жас аралығындағы егде жастағы қарттар да дауыс беруге келді», - дейді интервьюер.
Оның айтуынша, учаскеге келіп дауыс бергендердің қатырында қала тұрғыны, белгілі дәрігер, зейнеткер Түркімен қария да бар. Ол кісінің жасы 80-де. Соған қарамастан саяси іс-шарадан қалмай өз дауысын беруге келген.
«Сонымен қатар қаламызда танымал үш ұрпақтың өкілі әжесі, келіні, немересі бәрі бірге келіп, өз дауысын берді. Осындай бірнеше отбасы болды. Дауыс беру кезінде ешқандай заңбұзушылық байқалған жоқ», - дейді Анар Айзакова.