Ардагер Еуропа елдерін азат етуге қатысып, көптеген ордендермен марапатталған
Сайлау комиссиясының мүшелері 100 жастағы қала тұрғынының үйіне арнайы барды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлы Отан соғысының ардагері Филипп Губанов Жетісу ауданының Құлагер шағын ауданында тұрады. Филипп Петрович өткен жылдың қараша айында 100 жасқа толған. Ардагер Еуропа елдерін азат етуге қатысып, көптеген ордендермен марапатталған.
Ғасыр жасаған ардагер Қазақстанның болашағы үшін дауыс беретінін атап өтіп, көңіл бөлгендері үшін алғысын білдірді.