Exit poll жұмысы сайлау кезінде ғана жүргізіледі
Сайлау учаскесіне ағылған қызылордалықтардың басым бөлігі – егде жастағы кісілер. Бұл туралы «Демократия институты» ғылыми-зерттеу қауымдастығының сұхбатшысы Насихат Смайыл мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Десе де басқа сайлау науқандарына қарағанда референдумға келушілердің қатары көп.
«Exit poll-дың ережесі бойынша келушілерге екі ғана сұрақ қоямыз: «Сайлауға қатыстыңыз ба және қолдадыңыз ба әлде қарсылық білдірдіңіз бе?» Респонденттің жынысы, жасы, ұлты, аты-жөні жарияланбайды. Егде жастағы кісілер тоқтап, назар аударып жауап беріп жатады. Ал жастар өз таңдауын ашық айтқысы келмейді. Оның үстіне жастардың референдумға келу жағы үлкен кісілерге қарағанда бәсеңдеу. Кешкі сағат 19:00-ге дейін сауалнама жүргіземіз. Ал болжамды нәтижені «Демократия институты» ғылыми-зерттеу ассоциациясы жариялайды», - деді Н.Смайыл.
Exit poll жұмысы сайлау кезінде ғана жүргізіледі. Басты мақсаты – сайлауалды болжамды нәтижені шығару.