Оқиға Алматы-Бішкек автожолының 36-шы шақырымында Қарасай ауданында
Алматыда жол-көлік оқиғасы болды. Жантүршігерлік жол апатынан жүргізуші аман қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жол апаты 4 маусым күні кешке Алматы – Бішкек тас жолында Тұрар кентіне жақын маңда болды. Куәгерлер әлеуметтік желілерде оқиға орнында түсірілген бейнежазбалармен бөлісіп жатыр. Жарияланған кадрларда соқтығысқаннан кейін көліктің біреуі екіге бөлініп кеткенін көруге болады. Кадрдан зардап шеккен жолаушылар автобусы, сондай-ақ тағы бір жеңіл көлікті байқауға болады. Жол апатынан үш машина зардап шеккен.
Полиция Алматы-Бішкек автожолының 36-шы шақырымында Қарасай ауданында жол апаты болғанын хабарлады.
«24 жастағы Mitsubishi Galant жүргізушісі Алматыда шығыс бағытта келе жатып, Mazda маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Ары қарай соққы инерциясынан Mitsubishi қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, Yutong Bus автобусымен соқтығысты», - деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Жол апаты салдарынан Mitsubishi жүргізушісі зардап шекті. Ол Қаскелең ауруханасына жатқызылды.
Апат фактісі бойынша полицейлер ӘҚБтК-нің 620-бабының 2-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.