Атырауда референдум күні таңертең 5 сәби дүниеге келді

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін елімізде Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша референдум өтіп жатыр

Фото: gov.kz

Референдум күні таңда Атырау қаласында 5 сәби дүние есігін ашты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қыземетінің мәліметінше, дүние есігін енді ашқан шақалақтардың 5-уі де қыз бала.

Атырау қалалық перзентханасында орналасқан №80 учаскеде 90 ана өз таңдауын жасады. Жергілікті уақытпен таңғы сағат 7.00-де алғаш болып Гауһар Бұзаубекова дауыс берді. Гаухардың бұл үшінші нәрестесі, бұған дейін егізін осыдан 9 жыл бұрын дүниеге әкелген.

Перзентхана ұжымы бірінші болып таңдау жасаған келіншекке бала күтіміне арналған жиынтықты сыйға тартты.

«Мен өз балаларымның болашағы үшін дауыс беріп, өз таңдауымды жасадым. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Дәрігерлерге алғысымыз шексіз», - дейді ол.

Ал 19 жастағы Камшат Қайратова бүгін алғаш рет ана атанды.

«Мен бүгін дәрігерлердің арқасында өз нәрестемді қолыма алғаныма қуаныштымын. Өз таңдауымды балаларымның болашағы үшін жасадым», - дейді ол.