Комиссия жұмысын Мемлекет басшысы өзі бақылайтын болды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен мекемеаралық комиссия құрылды. Бұл туралы Azattyq Rýhy Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
«Бас прокурор жетекшілік ететін бұл комиссия Қазақстаннан шетелге заңсыз жылыстатылған қаржыны елге қайтару бойынша кешенді жұмыс жүргізетін болады.
Комиссия жұмысын Мемлекет басшысы өзі бақылайтын болды», - делінген БОРТ N1 Тelegram-арнасындағы хабарламада.