Республика бойынша 10 013 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді
Түске дейін елімізде 5 122 577 адам референдумда барып, өз таңдауын жасады Бұл туралы Орталық референдум комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2022 жылғы 5 маусым сағат 12:00-дегі жағдай бойынша тізімге енгізілген азаматтардың жалпы санының 43,70%-ы бюллетень алған.
Нақтырақ тоқталсақ:
Айта кетерлігі, референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың тізіміне 11,7 млн сайлаушы қосылған.
Барлығы республика бойынша 10 013 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Қазақстандықтар сондай-ақ шетелдерде дауыс беруге құқылы.