«Бюллетеньді өшіп қалатын сиямен толтыру ұсынылды» – жалған ақпарат

Автор: Azattyq Rýhy

Шын мәнінде, аталған видео желіде алғаш рет 2019 жылы жарияланған

 

Фото: pixabay.com

Әлеуметтік желілерде «Референдумда бюллетеньдерді өшіп қалатын сиямен толтыру ұсынылды» деген хабарлама пайда болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

StopFake сайты аталған хабарламаның жалған екенін жазады.

«Бүгін, 5 маусымда республикалық референдумда түсірілген деген ролик жарияланды. Кадрларда ер адам бюллетеньге белгі қойып, оны отпен күйдірген кезде жазу жоғалады. Автордың пайымдауынша, дауыс беру кабиналарына осындай «өшіп қалатын» сиясы бар қаламдарды әдейі қойған. Бұл – фейк», - делінген хабарламада.

Шын мәнінде, жазу жоғалып кететін видео – ескі. Ол желіде алғаш рет 2019 жылы жарияланған. Бір кездері Ресейде, Украинада, Қырғызстанда және Қазақстанда тараған.

Роликтің қазір өтіп жатқан референдумға ешқандай қатысы жоқ.