Елбасы референдумға қатысты

Автор: Azattyq Rýhy

Ол «Астан-Опера» театрындағы сайлауы учаскесіне барды

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев референдумға қатысып, өз дауысын берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Нұрсұлтан Назарбаев «Астан-Опера» театрының аумағындағы сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.

Айта кетейік, бүгін елімізде Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. 

Осыдан тура бір ай бұрын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Барлығы республика бойынша 10 013 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Қазақстандықтар сондай-ақ шетелдерде дауыс беруге құқылы.

Референдумда дауыс беруге құқылы азаматтардың тізіміне 11,7 млн сайлаушы қосылған.

Барлық сайлау учаскесі таңғы 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.