Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев референдумда дауыс берді

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін елімізде Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өтіп жатыр

Фото: Батыр Беспаев

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев елордадағы №111 референдум учаскесінде өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сенат төрағасы дауыс беруге сағат 9:00-де келді.

Бұған дейін аталған референдум учаскесінде ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов және ҚР Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева дауыс берді.

Айта кетейік, бүгін елімізде Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өтіп жатыр

Осыдан тура бір ай бұрын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусымда республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Барлық сайлау учаскесі таңғы 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.