Референдум: республика бойынша 9 964 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді

Автор: Еркежан Айтказина

Сағат 10:00-ден бастап әр референдум комиссиясы брифинг өткізеді

Фото ашық дереккөзден

Елорда уақытымен сағат 8.00-тегі жағдай бойынша облыстардың, Алматы, Шымкент және Нұр-Сұлтан қалаларының комиссиялары ұсынған жедел деректерге сәйкес, ел аумағында барлық 9 964 учаске дауыс беруге кірісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Сол сияқты 15 шет мемлекеттегі ҚР өкілдіктері жанындағы 17 учаскеде дауыс беру басталды. Шетелдегі 48 сайлау учаскесі уақыт айылмашылығына байланысты өздерінің жергілікті уақыты бойынша дауыс беруге кіріседі», - деді Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Мұхтар Ерман.

Белгілі болғандай, сағат 10:00-ден бастап әр референдум комиссиясы брифинг өткізеді.