Әлихан Смайылов референдумда алғашқылардың бірі болып дауыс берді

Автор: Azattyq Rýhy

Бүгін елімізде Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өтіп жатыр

Премьер-министр Әлихан Смайылов республикалық референдумда дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бүгін, 5 маусымда, ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов еліміздің Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдумда дауыс беруге қатысты. Үкімет басшысы Ұлттық академиялық кітапханада орналасқан №111 учаскеде дауыс берді», - делінген Referendum2022.kz Telegram-арнасындағы хабарламада.

Бұл учаскеге 3511 сайлаушы келеді деп күтіліп отыр. 


Бүгін елімізде Конституцияға өзгерістер енгізу бойынша республикалық референдум өтіп жатыр. Аталған учаскеде 10 халықаралық бақылаушы,10 БАҚ өкілі және 9 қоғамдық ұйым бар.

Барлық сайлау учаскесі таңғы 7:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейді.