Ә. Жексенғалиевке 1,1 млрд теңге бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылған
Мемлекетаралық іздеудегі Әнуарбек Жексенғалиев ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қаржылық мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Әнуарбек Жексенғалиевті Алматы қалалық экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ұстаған.
Естеріңізге саламыз, 25 сәуірде Қаржылық мониторинг агенттігі Әнуарбек Жексенғалиев пен Еркін Медетбековке іздеу жариялаған болатын. Олар мемлекеттік бюджеттен КТС қайтару түрінде 1,1 млрд теңге ұрлады деген күдікке ілінді.