Мемлекет басшысы сот жүйесінде кадрлық өзгерістер жасады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Кейбір аудандық және оған теңестірілген соттарды тарату туралы» жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осылайша, барлығы 14 сот таратылды:
- Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданының №2 аудандық соты;
- Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданының №2 аудандық соты;
- Қарағанды облысы Абай ауданының №2 аудандық соты;
- Қостанай облысы Қарасу ауданының №2 аудандық соты;
- Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты;
- Павлодар облысы Екібастұз қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған соты;
- Павлодар облысының Павлодар аудандық соты;
- Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының №2 аудандық соты;
- Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның №2 аудандық соты;
- Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының №2 аудандық соты;
- Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданының №3 аудандық соты;
- Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының №2 аудандық соты;
- Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданының №2 аудандық соты;
- Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының №2 аудандық соты.
Сондай-ақ осы қаулы арқылы бірқатар судья қызметке тағайындалып, бірқатары қызметінен босатылды. Оның ішінде Нұр-Сұлтан қалалық сотының төрағасы Тілектес Бәрпібаев отставкаға кетуіне байланысты қызметінен босатылды. Құжатта соттың жаңа басшысын тағайындау туралы мәлімет жоқ.