Бұл туралы Alan Parking компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді
Алматыда 5 маусым, яғни республикалық референдум күні көлік тұрағы тегін болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Alan Parking және «Алматыспецтехпаркинг» компаниялары мәлімдеді.
«5 маусымда алматылықтар базарлардың жанындағы қоршалған алаңдарда орналасқан тұрақтар мен тротуар типті тұрақтар үшін ақы төлемейді», - делінген компания хабарламасында.
Еске сала кетсек, Конституцияға өзгерістер енгізуге 18 жастан асқан барлық Қазақстан азаматы қатыса алады. Сайлау учаскелері Қазақстанның барлық елді мекендерінде және шетелдік 52 мемлекетте ұйымдастырылады. Ресми дауыс беру уақыты - жергілікті сағат бойынша таңғы 07:00- де басталып, кешкі сағат 20:00- де аяқталады.