03.06.2022, 05:50
Жаңалықтар
Талдықорғанда бойжеткен 77 жастағы туысының зейнетақы жинағын ұрлады
Бұл фактіге қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
Фото ашық дереккөзден
Талдықорғанда бойжеткен 77 жастағы туысының зейнетақы жинағын ұрлады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
18 жастағы қыз зейнеткер әйелдің 3,5 млн теңгеге жуық ақшасын жымқырған. Полиция 1,7 млн теңгені тауып, заңды иесіне қайтарды. Ал қалған соманы бойжеткен өз қажетіне жұмсап, банктегі кредитін өтеген.
Күдікті қарт әйелдің туысқаны екені анықталды. Соңғы екі ай бойы ол зейнеткердің пәтерінде тұрған.
Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-тармағы "Ірі мөлшердегі ұрлық" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
«Қазір күдіктіні қамауға алу мәселесі шешіліп жатыр», - деп мәлімдеді полиция департаменті.
Көп оқылған
11.04.2026, 10:33
Павлодарда 13 жастағы қызды зорлаған студент сотталды
11.04.2026, 07:22
Парашют ашылмай, 18 жастағы курсант қаза тапқан: Ақтөбеде үкім шықты
11.04.2026, 17:26
12 сәуір күні ауа райы қандай болады
11.04.2026, 21:27
Астанада балта ұстаған мас ер адам тұрғындардың зәресін ұшырды
11.04.2026, 14:06
Тоқаев Өзбекстанға жұмыс сапарымен барды