Өскеменде супервайзер кәсіпорынға тиесілі 1,2 млн теңгеден астам қаражатты иемденіп алған

Azattyq Rýhy

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

 

Өскеменде супервайзер кәсіпорынға тиесілі 1,2 млн теңгеден астам қаражатты иемденіп алған
Фото ашық дереккөзден

Өскеменде супервайзер кәсіпорынға тиесілі 1,2 млн теңгеден астам қаражатты иемденіп алған, деп хабарлайды Polisia.kz.

3 мамырда Өскемен қаласы ПБ Ертіс полиция бөліміне 41 жастағы кәсіпорынның өңірлік директорынан өтініш келіп түсті, ол өткен жылдың 1 желтоқсанынан 2022 жылдың 29 сәуіріне дейінгі аралықта кәсіпорнында 1,2 млн теңгеден астам қаражат талан-таражға салынғанын хабарлаған.

Бұл іске қоластындағы мекемеде супервайзер болып жұмыс істейтін 33 жастағы қала тұрғынының қатысы бар деп күдіктенетінін жеткізді. Яғни, директордың сөзінше, қол астындағы әйел ақшаны иемденген болуы мүмкін. Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде тәртіп сақшылары күдіктіні ұстап, одан жауап алу барысында ол кінәсін мойындаған.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 189-бабы 1-бөлігімен (Сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.