$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оралда қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр

Олар жеке адамдардан 12 млн 675 мың теңге жинаған

Оралда қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр
Фото ашық дереккөзден

Оралда қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты қылмыстық істер тергеліп жатыр. Бұл туралы БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ресми мәліметке сүйенсек, «SENIMDI UI» тұтыну кооперативі ретінде қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар 2021 жылдың тамыз айынан бастап жеке адамдардан 12 млн 675 мың теңгені тартқан. Қазіргі кезде ҚР ҚК 217-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тергеліп жатыр. Сондай-ақ өткен жылдың наурыз айынан бастап криптовалюта саласындағы инвестициялық стартап жоба ретінде «Relictum-pro» қаржы пирамидасы ұйымдастырылған. Бұл пирамида бойынша ҚР ҚК 217-бабы 2-бөлігі 1, 4-тармақтарына сәйкес қылмыстық іс тергелуде.

«Егер тұрғындар аталған қаржы пирамидаларының заңсыз қызметінен зардап шексе, БҚО бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне +7 (7112) 53-84-27 телефоны арқылы хабарласа алады. Айта кету керек, пирамиданың негізгі мақсаты – жаңа қатысушыларды тарту. Әдетте, пирамиданың негізін қалаушы қомақты соманы жинағаннан кейін төлеуді тоқтатады және барлық ақшаны алып, ізін жасырады», - деп хабарлады ведомстводан.

 

 

Серіктес жаңалықтары