БЖЗҚ 68 млрд теңгеден астам қаржыны қайтаруға тырысып жатыр

Автор: Azattyq Rýhy

Қорда борышкерлер шартты түрде үш топқа бөлінеді

Проблемалық эмитенттер БЖЗҚ-ға 68 млрд теңгеден астам қарыз болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі LS-ке сілтеме жасап.

Басылымның ресми сауалына жауап ретінде зейнетақы қорында осы жылдың 19 мамырынан бастап қаржы құралдары зейнетақы активтерінің құрамына кіретін дефолтқа жол берген 18 эмитентке қатысты борышты қайтару жұмыстарымен айналысып жатқанын хабарлады. Олардың жалпы үлесі БЖЗҚ қоржыны көлемінде 0,55% болып отыр.

Қорда борышкерлер шартты түрде үш топқа бөлінеді:

 1. Оған қатысты оңалту рәсімі қолданылған жалғыз эмитент: «Имсталькон" – 3 млрд теңгеден астам.

  2. Талап-арыз жұмысы/атқарушылық іс жүргізу жүзеге асырылатын эмитенттер: "Альтернативные финансы", "РЭМИКС-Р", "Казнефтехим", "Астана-Недвижимость", "Құрылыс материалдары мен конструкциялары комбинаты-2", Mineral Resourses of Central Asia, "ТЕМА Ко", HOMEBROKER, "Төрт-Құдық" байыту комбинаты, "АПК-Инвест" корпорациясы, "ҚазЭкспортАстық" холдингі, "Атамекен Агро". Қарыз – 44,4 млрд теңге.

3. Оларға қатысты банкроттық/мәжбүрлеп тарату рәсімі жүзеге асырылатын эмитенттер: "Валют-Транзит-Бан", GLOTUR, Qazaq Banki, "Эксимбанк Қазақстан", "РОСА". Осы топтың берешегінің жалпы сомасы шамамен 21,1 млрд теңгені құрайды.

Қорда сондай-ақ, БЖЗҚ-ның бұрынғы төрағасы Руслан Ерденаев пен "Бузгул Аурум" ісі бойынша 5 млрд теңгені қайтару туралы мәселеге түсініктеме берді. Ақпаратқа сәйкес, 20 мамырға БЖЗҚ-ға 899,5 млн теңгеден астам қаржы аударылған. Бүгінгі күнге қарыз толық көлемде өндірілмедi.