Сабақтар ауа райының қолайсыздығына байланысты тоқтатылды
Елордада бастауыш сынып оқушыларына сабақ болмайды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы.
«29 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің БІРІНШІ ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», - делінген хабарламада.