Елордада фильмдегі Қожаға ескерткіш қойылды

Автор: Azattyq Rýhy

Қожаның тас мүсіні енді елордадағы «Жетісу» саябағында тұрады

24.kz

Елордада «Менің атым Қожа» фильміндегі Қожаға ескерткіш қойылды, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Бердібек Соқпақбаевтың повесі бойынша түсірілген режиссер Абдолла Қарсақбаевтың бұл туындысы осыдан 60 жылдай уақыт бұрын экранға жол тартқан. Содан бері көрерменін жалықтырмай келеді.

Фильмнің бас кейіпкері Қожаның тас мүсіні енді елордадағы «Жетісу» саябағында тұрады. Қоладан құйып, гранитпен қаптаған жаңа мүсінді Қожаның ролін сомдаған актер Нұрлан Сегізбаевтың өзі де көрді.

«Бұл әрбір жас қазақстандыққа арналған мәдени дүние. Ескерткіш орнатылғанына өте қуаныштымын. Балалар Қожаның жақсы тұстарын бойына сіңіреді деп үміттенемін», - деді ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Нұрлан Сегізбаев.