$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Алматыдағы тіс емханаларында балаларға арналған ашық есік күндері басталды

Акция барысында 18 жасқа дейінгі балалар стоматологиялық қызметтерді тегін пайдалана алады

Алматыдағы тіс емханаларында балаларға арналған ашық есік күндері басталды

Алматыда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балаларға күлкі сыйла» деп аталатын шара басталды. Маусымның 16-на дейін жалғасатын акция барысында 18 жасқа дейінгі балалар стоматологиялық қызметтерді тегін пайдалана алады.
Медициналық сақтандыру қоры Алматы филиалының мұрындық болуымен қолға алынған акцияға Қор базасындағы жеке меншік стоматологиялық клиникалар қатысып жатыр. 

«Бұл балаларға демалыс кезінде тістерін емдетіп алуға мүмкіндік беретін тамаша акция. Шара тістің шіруіне жол бермей, уақтылы емдеу мәселесіне балалар мен ата-аналардың назарын аудару мақсатында өткізіліп отыр», -  дейді «Алматы қаласының балалар стоматологиялық клиникасы» ЖШС директоры Төретай Рузуддинов.

Ашық есік күндерінің кестесі:

  •     «Алматы қ. балалар стоматологиялық клиникасы» ЖШС – 1-маусым
  •     «BayanSulu Clinic» ЖШС – 2-маусым
  •     «Таугүл-дент» ЖШС – 3-маусым
  •     «VITA DENTAL CLINIC («Облыстық балалар стоматологиялық емханасы» ЖШС) – 4-маусым
  •     «Dr.Bibi Clinic» ЖШС – 6-маусым
  •     «Алматы қ. орталық стоматологиялық емханасы» ЖШС – 7-маусым
  •     «Әлеуметтік балалар стоматологиясы» ЖШС – 8-маусым
  •     «Khan Stom» ЖШС – 10-маусым 

МСҚ Алматы филиалы директорының орынбасары Жанар Кенжебаеваның айтуынша, бұл клиникалар балаларға сақтандыру есебінен жоспарлы стоматологиялық көмек түрлерін де көрсетеді.

«Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы жүкті әйелдер мен 18 жасқа дейінгі балаларға стоматологиялық көмек тегін көрсетіледі. Олардың арасында тісті жансыздандыру, химиялық пломба салу, терапевтің қабылдауы, пульпит пен перидонтитті емдеу, флюороз, гипоплазия кезінде тістің анатомиялық пішінін толық қалпына келтіру, тісті хирургиялық жолмен жұлу т.б. қызметтер кіреді», - деп атап өтті Жанар Кенжебаева.

Естеріңізге сала кетсек, «Балаларға күлкі сыйла» шарасы барысында кішкентай пациенттерге МӘМС пакетіне кірмейтін ортондонттық кеңес көрсетілмек. Жақ пен тіс құрылымындағы ақауларды арнайы құрылғылардың көмегімен түзеткісі келетіндер ортодонт маманның консультациясында болып, тегін кеңес ала алады.

Серіктес жаңалықтары