Қазақстанда мемлекетаралық үш пойыздың қозғалысы қайта жанданады
Билеттер құны мемлекетаралық тариф бойынша белгіленген

Маусым айынан бастап Қырғызстанның үш мемлекетаралық пойызының Қазақстан аумағы арқылы Ресейге қатынауы қайта басталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- №17/18 «Бішкек-Самара» пойызы Бішкектен 8 маусымнан бастап, Самарадан 10 маусымнан бастап аптасына 2 реттен қатынайды;
- №305/306 «Бішкек - Шу/Қазан» пойызы Бішкектен 6 маусымнан бастап, Қазаннан –9 маусымнан бастап аптасына 1 реттен қатынайды. №113/114 пойызы «Алматы-Қазан» пойызының құрамымен Шу станциясына да қатынайды;
- №385/386 «Бішкек – Новосибирск» пойызы Бішкектен 9 маусымнан бастап, Новосибирскіден 11 маусымнан бастап 8 күнде 1 рет қатынайды.
Қазақстан аумағы бойынша жоғарыда көрсетілген пойыздарға жолаушыларды отырғызу/түсіру жүзеге асырылады.
Билеттер құны мемлекетаралық тариф бойынша белгіленген. Бағаларды www.bіlet.railways.kz. сайтынан нақтылауға болады. Жолаушылар пойыздарының жүру тәртібі туралы анықтамалық ақпаратты «1433» нөмірі бойынша алуға болады.