Жаңбыр жауады: 31 мамырға арналған ауа райы болжамы

Автор: Azattyq Rýhy

Еліміздің батыс аумағында жауын-шашын болмайды

Синоптиктер 31 мамыр, яғни дүйсенбіге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.  

«ҚР аумағының басым батыс жартысына антициклон әсер етеді, осыған байланысты ҚР батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы болады. Еліміздің солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнап, бұршақ жауады», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.

Алматы облысының тау және таулы аймақтарында найзағай, күндіз бұршақ, дауыл болып, жел күшейеді, оңтүстікте, таулы аудандарда жел 17-22, облыстың шығысында екпіні 24-29 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болып, желдің түнде солтүстікте, батыста 15-20 м/с, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Қостанай облысының солтүстік жартысында найзағай, бұршақ, дауыл болып, солтүстігінде түнде жел 15-20, күндіз басым бөлігінде 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болып, жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болып, түнде облыстың батысында жел 15-20, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с күшейеді.

Күндіз Павлодар облысының басым бөлігінде найзағай, бұршақ, дауыл болады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл ​​облысының оңтүстігінде, шығысында, тау және таулы аудандарда найзағай, бұршақ болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында жел, шаңды дауыл 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстанның облысының Жарма, Катон-Қарағай аудандарында, Қызылорда облыстының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.