Балқаш горнизонында жарақат алған офицердің жағдайы ауыр

Автор: Azattyq Rýhy

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды

Фото ашық дереккөзден

Балқаш гарнизонында қаруды қолданудағы қауіпсіздік шарасын бұзған лейтенант офицер жарақат алды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Зардап шеккен әскериге қажетті медициналық жәрдем көрсетілуде. Дәрігерлердің айтуынша, әскери қызметшінің жағдайы ауыр.

"Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қорғаныс министрінің нұсқауы бойынша оқиғаның себеп-салдарын анықтау үшін арнайы комиссия жіберілді", - делінген хабарламада.

Бұдан өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне қарай таратуға жатпайды.