Жалған шот-фактуралар жасаған қылмыстық топтың әрекеті әшкереленді

Автор: Azattyq Rýhy

Қылмыстық іс айыптау актісімен сотқа жолданды

Фото ашық дереккөзден

Көлеңкелі экономикамен күрес жұмысы аясында 7 жалған компанияның қылмыстық әрекеті әшкереленді. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қаржылық мониторинг агенттігінің Қарағанды ​​облысы бойынша аумақтық департаменті контрагенттер-сатып алушыларды салық төлеуден босату мақсатында жұмыстарды іс жүзінде орындамай, тауарларды жеткізбей жалған шот-фактуралар жазып беру бойынша заңсыз әрекеттермен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін әшкереледі. 2018-2021 жылдар аралығында 7 жалған компанияның қылмыстық әрекетінен жалпы айналым 2 миллиард теңгеден асқаны, соның салдарынан мемлекеттік бюджетке 300 миллион теңгеден астам салық түспегені анықталды», - делінген хабарламада.

Күдікті үйқамаққа алынды. Қылмыстық іс аяқталып, бекітілген айыптау актісімен сотқа жолданды.