Қыздардың іш киімін жарнамалағандар Қазнеттің ашуын тудырды
Іш киім сатып алған адам акция бойынша Дубайға жолдама ұтып ала алады
Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде әйел адамдардың іш киімін жарнамалағандар сынға ұшырады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Желіде тараған видеода «Іш киім сатып ал» атты банердің артында тұрған үш қызды байқауға болады. Видеоның арт жағындағы дауыс «Гранд парктің» ішінде тәп-тәуір қыздар жүр. Ал сен Дубайға бару үшін іш киім сатып алдың ба?» дейді.
Болжам бойынша, іш киім сатып алған адам осы акция бойынша Дубайға жолдама ұтып ала алады. Алайда халық бұл жарнаманы сәтсіз деп тауып, сынға алды.
«Біздің қыздарға ішіп-жеп қарайтындары ұнамайды», «Деградация. Жөні түзу қыздар бұлай жүрмейді», «Бұл жарнаманы сырт айналып өтіңіздер, ер адамдар үшін күнә» деп жазды желі қолданушылары.