$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Елімізде 2025 жылға дейін «Отбасының цифрлық картасы» қолданысқа енеді

Жүйе мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен деректерді жинайды

Елімізде 2025 жылға дейін «Отбасының цифрлық картасы» қолданысқа енеді
Фото ашық дереккөзден

2025 жылға дейін «Отбасының цифрлық картасы» қолданысқа енеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасов айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Вице-министрдің айтуынша, бұл құрал әлеуметтік қауіп-қатер аймағындағы отбасыларды жедел анықтауға және оларға қажетті қолдау шараларын көрсетуге мүмкіндік береді.

 «Жүйе мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен деректерді жинайды, соның негізінде табыс, денсаулық, білім, тұрғын үй және әлеуметтік жағдайлар сияқты белгіленген критерийлер бойынша отбасының әл-ауқатын бағалайды. Бұл отбасылардың қажеттіліктерін автоматты түрде анықтауға және оларға тиісті әлеуметтік қолдау көрсетуге мүмкіндік береді», – деді ол.

Бірінші вице-министр аталған бастамалар негізгі стратегиялық құжаттарда көрініс табатынын және халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасында, кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасында, әзірленіп жатқан «Кәсіптік біліктілік туралы» заңда және Әлеуметтік кодексте заңнамалық деңгейде бекітілетінін атап өтті.

 

 

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#отбасы