Семейде бөренеге жармасып суда ағып бара жатқан ер адам құтқарылды

Автор: Azattyq Rýhy

Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Семейде бөренеге жармасып суда ағып бара жатқан ер адам құтқарылды. Бұл туралы ШҚО ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

28 мамырда кешке 102 арнасына Ертіс өзені бойында ер адам бөренеге ұстанып, судан шыға алмай жатқаны туралы хабарлама түскен.

Бұл хабарлама жедел түрде патрульдік полиция қызметкерлеріне жеткізілді. Ескі көпірді тексеріп жүргенде олар "жаңа аспалы көпірге" қарай ағып бара жатқан адамды байқаған.

Экипаждың үйлесімді әрекетінің арқасында суға батып бара жатқан ер адам жағаға шығарылды. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді, содан кейін дәрігерлерге жіберілді.