Петропавлда 19 жастағы жігітті КамАЗ қағып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Зардап шегуші ауруханаға жеткізілді

Фото ашық дереккөзден

Петропавлда 19 жастағы жігітті КамАЗ көлігі қағып кетті. Бұл туралы облыстық полиция департаменті мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Жол апаты таңертең Астана-Интернациональная көшесінің қиылысында болған. Көлік жолдан өтіп бара жатқан жас жігітті қағып кеткен.

Зардап шегуші көптеген жарақатпен қалалық ауруханаға жеткізілді.

Қазір аталған фактіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.