Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін айыпталуда – Антикор

Автор: Azattyq Rýhy

Оған құрылыс компаниясы директорынан 4 млн теңге пара алды деген айып тағылды

фото: azh.kz

Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін айыпталуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігіне сілтеме жасап.

"Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түлкібас ауданы әкімінің орынбасарына қатысты жеңімпаз деп тануға қолдау көрсеткені және Мемлекеттік сатып алу шартын жасасқаны үшін құрылыс компаниясының директорынан 4 миллион теңге сомасында делдал арқылы пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады",- делінген хабарламада.

Күдікті тұлғалар ұсталып, Түркістан қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.