БҚО-да қол астындағыларды қойға теңеген шенеунік басқарма басшысы болды

Автор: Azattyq Rýhy

Мәди Отарбаев қатаң сөгіс алған болатын

Фото: mgorod.kz Все права защищены. Используйте активную ссылку на baigenews.kz: https://baigenews.kz/news/obzyvavshego_podchinyennykh_baranami_chinovnika_naznachili_glavoy_upravleniya_v_zko/

БҚО-да қоластындағыларды қойға теңеген Мәди Отарбаевқа қатаң сөгіс жарияланған болатын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі «Мой город» порталына сілтеме жасап.

52 жастағы Мәди Отарбаев БҚО мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы болып тағайындалды. Бұл қызметке тағайындалғанға дейін ол Талғар аудандық құрылыс басқармасының басшысы қызметін атқарған.

Сонымен бірге Мәди Отарбаев 2016 жылы Шығыс Қазақстан облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасын басқарған. Сол кезде шенеунік қарамағындағыларды «бұл қойларды қойшыға баққызу керек» дегені үшін қатаң сөгіс алған. Қызметкерлер айтылғандарды қағазға түсіріп, ұжымдық шағым түсірген.