Ресейдегі Қазақстан елшілігі ел азаматтарының референдумға қатысуына қажетті жағдайлар жасайды
Сенат депутаты Сұлтанбек Мәкежанов Қазақстанның Ресейдегі Елшілігінде қазақстандық дипломаттармен кездесіп, алдағы референдум мәселелерін талқылады. Бұл туралы Azattyq Rýhy ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Депутат кездесу барысында Конституцияға енгізілетін өзгерістер туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Ол осы түзетулер қазіргі ахуалды елеулі түрде өзгертетіні туралы хабардар етті.
«Конституциялық сотты қайта құру әділетті және құқықтық мемлекет құрудағы маңызды қадам болады, бақылау жүйесін, сондай-ақ азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды институттық тұрғыда күшейтеді. Сонымен қатар, депутаттар сайлауына тек саяси партиялар ұсынған адамдар ғана емес, өзін-өзі ұсынушылар да түсе алады», - деді депутат.
Ресейдегі Қазақстан елшілігінің өкілі Александр Синяговский өз кезегінде референдум өткізуге дайындық аясында дипломаттар Ресей аумағында жүрген Қазақстан азаматтарының референдумға қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасап жатқанын хабарлады.