Алаяққа алданғандардың арасында оның жақын таныстары да бар
Атырауда қымбат автокөліктерді жалға алып, кейін төмен бағамен сатып жіберген азамат ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
29 жастағы қала тұрғыны өзінің таныстарының да көлігін жалға алып, сатып жіберген. Кейбірі өзінің көлігі сатылып жатқанын сайттардағы хабарландырудан байқап қалған.
«Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігімен («Алаяқ») сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті қазір қамауға алынды. Атырау облыстық полиция департаменті оның басқа да істерге қатыстылығын тексеріп жатыр», - деп көрсетті Атырау облыстық Полиция департаменті.