Павлодарда мұнай-газ жабдықтарын шығаратын зауыт іске қосылды

Azattyq Rýhy

Жобаға 246 млн теңгеден астам қаржы инвестицияланды

Павлодарда мұнай-газ жабдықтарын шығаратын зауыт іске қосылды
фото: www.gov.kz

Павлодар қаласында «КазПромБезопасность» ЖШС мұнай-газ жабдықтарын шығаратын өндірістік алаң іске қосылды. Аталған жоба Индустрияландыру картасы шеңберінде жүзеге асырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кәсіпорын жылу алмасу аппараттарын, конденсаторлар, ауаны салқындататын аппараттар, криогендік жабдықтар, құбыр бөлшектері мен құбырлардың көптеген түрлерін, түрлі металл конструкцияларын шығарады. Өндіріс орны өндірілетін тауар желісін одан әрі кеңейтуді жоспарлап отыр.

«КазПромБезопасность ПВ» ЖШС өндірістік алаңында жоғары сапалы өнімді дайындау үшін барлық талаптарға жауап беретін заманауи жабдықтар орнатылған.

ҚР ИИДМ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, өндіріс алаңында қосымша 40 жұмыс орны ашылған. Алдағы уақытта кәсіпорындағы қызметкерлер санын 150 адамға дейін жеткізу жоспарда бар.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.