$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

1 маусымнан бастап Қазақстан – Грекия арасында жаңа әуе рейсі ашылады

«Эйр Астана» АҚ әуекомпаниясы аптасына үш рет екі ел арасында жолаушы тасымалдайды

1 маусымнан бастап Қазақстан – Грекия арасында жаңа әуе рейсі ашылады
фото: polet.me

1 маусымнан бастап Қазақстан - Грек Республикасы арасында жаңа әуе рейсі ашылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

«ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мен Грек Республикасының авиациялық билік орындары арасында жүргізілген жұмыс қорытындылары бойынша 2022 жылғы 1 маусымнан бастап «Эйр Астана» АҚ әуекомпаниясы Нұр-Сұлтан – Ираклион – Нұр-Сұлтан (дүйсенбі, сәрсенбі, жұма) және Алматы – Ираклион – Алматы (сейсенбі, бейсенбі, сенбі) бағыттары бойынша әр бағытта аптасына 3 рейс жиілігімен рейстерді орындауды жоспарлап отыр», делінген хабарламада.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайтында жарияланған кестеге сәйкес А-321NEO типті әуе кемесінде орындалатын болады.

Жаңа әуе бағыттарының ашылуы екі ел арасындағы өзара қарым-қатынастарды одан әрі нығайтуға, сондай-ақ екі елдің шығу және келу туризмін табысты дамытуға ықпал ететін болады.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#әуе рейсі #ұшақ