СҚО-да импорт алмастыру бағдарламасы бойынша жаңа кірпіш зауыты ашылды

Azattyq Rýhy

Мұнда тәулігіне 150 мың дана кірпіш шығарылатын болады

СҚО-да импорт алмастыру бағдарламасы бойынша жаңа кірпіш зауыты ашылды
фото: kapital.kz

 «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауымен Солтүстік Қазақстан облысында «Кірпіш- СК» ЖШС кірпіш өндіретін зауыт ашты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Солтүстік Қазақстан облысында жалпы құны 2 млрд.теңгеге жуық кірпіш зауыты пайдалануға берілді.

«126 шаршы метр болатын 9 қабатты үйдің құрылысы үшін 1,8 млн дана кірпіш қажет. Бұл ретте Подгорное ауылындағы жаңа зауыттың жылдық қуаттылығы 22 тоғыз қабатты немесе 2,7 мың пәтер салуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті өңір басшысы Құмар Ақсақалов.

Сонымен қатар жергілікті әкімшілік басшысы өңірде тұрғын үй құрылысы белсенді қарқынмен жүріп жатқанын және сапалы құрылыс материалдарына деген қажеттілік өсіп келе жатқанын атап өтті.

«Кірпіш-СК» ЖШС өндірістік қуаты тәулігіне шамамен 150 мың немесе айына 4,5 млн.кірпіш. Ауыл тұрғындары үшін 90 жаңа жұмыс орны ашылады. Бұл ретте, бастапқы кезеңде зауыт өнімі өңірдің осы құрылыс материалына қажеттілігінің 30% жабады.

«Үш жыл бұрын карьерге жақын жердегі жер учаскесінде зауыт құрылысын бастаған кезде, COVID-19 пандемиясы басталып, ҚХР-дан Қазақстанға жүк тасымалдау кезінде қиындықтар туындады. Жергілікті әкімшілік басшысының, «Солтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация және «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ қолдауының арқасында барлық проблемалық мәселелер жедел шешілді», - деп атап өтті «Кирпич-СК» ЖШС құрылтайшысы Гарик Бернецян.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.