Көрсетілген жұмыстар бекітілген жоспар-кестеге сәйкес штаттық режимде жүргізіледі
Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы елорданың су объектілерінде жыл сайынғы су бетін санитарлық тазалауды қамтамасыз ету бойынша және су айдындарының акваториясы мен жағалау аумағын өсімдіктерден тазарту бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр. Бұл туралы Azattyq Rýhy елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Су бетін санитарлық тазалауды қамтамасыз ету бойынша өзен арналары мен су айдындарының жағалау аумақтары қоқыстан тазартылады.
Сондай-ақ су айдындары мен оның жағалау аумағын өсімдіктерден тазарту бойынша мынадай жұмыс түрлері жүргізіледі: су айдындары арнасындағы шөптерді алып тастау, белдеуінің орташа ені 2 м болған жағдайда шөп пен қамысты шабу, шөп пен қамысты қолмен шабу, өзен бойындағы қамыстарды шабу, шабылған шөп пен қамысты жинап, тиеп, тасымалдау, Есіл өзенінің жағалауындағы сатылар мен еңістерді, бетон плиталарды Сарыарқа даңғылынан Бараев көшесіндегі көпірге дейін тазалау және жуу.
Қала әкімдігінің хабарлауынша, Есіл өзені – «Көктал-1» елді мекендегі айналма жолынан әуежайдың айналма жолына дейін, Ақбұлақ бұлағы - т/ж жолдарынан Есіл өзеніне жалғасатын жерге дейін және Сарыбұлақ бұлағы - т/ж жолынан Есіл өзеніне қосылатын жерге дейін тазартылады.