Қызылордалық шенеунік әкіммен туыстық байланысы болғаны үшін қызметінен кетті
Балжан Шәменова.бір жылдан астам уақыт Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған
Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Балжан Шәменова қызметтен өз еркімен кететін болды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі Facebook желісіндегі ресми парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«2021 жылдың наурыз айынан бастап облыс әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қызмет еттім. Нұрлыбек Нәлібаев облыс әкімі қызметіне тағайындалған уақыттан бастап маған экономика, қаржы саласына жетекшілік етуді қосымша жүктеді. Дегенмен сәуір айынан бастап туған ағамның баласы Асылбек Шәменов қала әкімі ретінде қызметке келді. Сондықтан мен Қызылорда облысы әкімінің орынбасары қызметінен кетуді жөн көрдім», – деп түсіндірді Балжан Шәменова.