25.05.2022, 17:09
Жаңалықтар
Қор биржасында доллар бағамы тағы құлдырап кетті
Бүгін АҚШ валютасының құны 415 теңгеге түсті
Фото: kapital.kz
Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтының мәліметінше, елімізде АҚШ валютасының құны тағы 1,67 теңгеге арзандап кетті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осылайша, 25 мамырдағы сағат 16.00-де доллардың орташа сараланған бағамы 415,12 теңге болды.
Айта кетсек, Ұлттық банктің 25 мамырға бекіткен доллардың ресми бағамы 416,91 теңге болған еді.
Kurs.kz хабарлауынша, қазіргі таңда Алматының ақша айырбастау орындарында доллардың орташа сатып алу құны – 415,34 теңге, сату құны 419,17 теңге болып отыр. Ал Нұр-Сұлтан ақша айырбастау орындарында америкалық валюта орта есеппен 413,79 теңгеден сатып алынып, 416,56 теңгеден сатылып жатыр.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды