Бұл қызметке Еркебұлан Оразалин келді
Алматы әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен ҚР Президенті әкімшілігінің және Алматы қаласы мәслихатының келісімі бойынша Медеу ауданының әкімі болып Еркебұлан Нұрланұлы Оразалин тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
«Оның басшылығымен Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қаламыздағы шағын және орта бизнесті қалпына келтіру бойынша үлкен жұмыс жүргізді. Аталған тиімді жұмыстың арқасында Мемлекет басшысының зардап шеккен ШОБ субъектілеріне келтірілген залалды өтеу жөніндегі тапсырмасы орындалды. Жалпы, зардап шеккен кәсіпкерлердің 97% өз қызметін қалпына келтірді, ағымдағы жылдың 20 мамырында құны 14 082 240 817 теңге болатын 1 568 өтінім мақұлданды. Осы күрделі кезеңде Еркебұлан Оразалин өзін жауапты және білікті маман ретінде әрі жоғары ұйымдастырушылық қабілеті мен іскерлік қасиеттерін көрсетті», – деді Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының жаңа әкімін таныстыру кезінде.
Еркебұлан Оразалин еңбек жолын 2002 жылы Алматы қаласы Ақпараттық-талдау орталығы ақпараттық-коммуникативтік бөлімінің сарапшысы қызметінен бастады.