Шақалақ 88 күн бойы дәрігерлердің бақылауында болған
Ақмола облысында дәрігерлер салмағы 570 грамм болып туған нәрестені аман алып қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақмола облыстық көпбейінді аурухананың баспасөз қызметі мәлім еткендей, перинаталдық орталықтың жаңа туған нәрестелердің патология бөлімшесінде салмағы 500 грамнан сәл асатын сәбилерді күту және түрлі аурулардан сақтау шаралары жүргізіледі. Бөлімше дәрігерлері шала туған көптеген сәбидің өміріне араша түсіп келеді.
«Биылғы 17 ақпанда аурухананның перинаталды орталығында салмағы 570 грамм сәби дүниеге келді. Жағдайдың ауырлығын және гестация мерзімін ескере отырып, 4 сәуірде нәресте одан әрі емдеу үшін жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесіне ауыстырылды. Дәрігерлерлердің кәсіби шеберлігі мен күтімінің арқасында нәрестенің салмағы 2 200 граммға жетіп, 16 мамыр күні үйіне шығарылды», - деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.