Биыл Қазақстанда егін өткен жылдан 105 мың гектарға артық егілді
Мал азығына жататын дақыл егілген алқаптар да 3,6 млн гектарға көп
2022 жылы Қазақстанда дән себілген егіс алқабы 23,1 млн.гектар болып, 2021 жылдың көрсеткішінен 105 мың гектарға артық болды. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифинг кезінде Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Осы артық егілген егіннің ішінде мал азығына жататын дақылдардың алқабы едəуір ұлғайтылып, 3,6 млн гектар болған.
“Биыл сондай-ақ, егін егу үшін ақпан – маусым аралығында 400 мың тонна көлемінде дизель отыны бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 мың тоннаға артық. Жеткізу, сақтау жəне сату бойынша облыс операторларының шығыстарын ескере отырып, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін орташа баға 200 теңге болса, жанар-жағармай бекеттеріндегі баға 230-260 теңге болды”,- дейді ол.