Нұр-Сұлтанда Сирия жөніндегі кезекті келіссөз маусым айында өтеді

Автор: Azattyq Rýhy

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті

aa.com.tr

Нұр-Сұлтанда 14-16 маусым аралығында Сириядағы жағдайды бейбіт түрде реттеу бойынша келіссөздердің 18-раунды өтеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазіргі уақытта Сыртқы істер министрлігі барлық кепілгер елге және процеске қатысушыларға шақырту хаттарын жіберді. Енді олардың келісімін күтіп отырмыз», - деді Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

Айта кетсек, былтыр 22 желтоқсанда елордада өткен Сирия жөніндегі жоғары деңгейлі 17-халықаралық кездесуде тараптар келесі 18-кездесуді 2022 жылдың бірінші жартыжылдығында Нұр-Сұлтанда өткізуге келіскен болатын.