Қазақстанның шығысында түнде топырақ бетінде үсік жүреді
Синоптиктер 24 мамырға арналған ауа райы болжамын жасап, Қазақстан аумағында болатын метеорологиялық құбылыстар туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты ҚР басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, бұршақ, дауыл, екпінді жел болады. Еліміздің шығысында, солтүстік-шығысында, солтүстігінде, оңтүстігінде антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады. Қазақстанның шығысында түнде топырақ бетінде үсік жүреді», - делінген «Қазгидромет» РМК баспасөз хабарламасында.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл, шаңды дауыл болады, түнде батыста, солтүстікте, күндіз басым бөлігінде 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.
Күндіз Ақтөбе облысының солтүстік-батысында найзағай ойнап, орталықта, батыста, оңтүстікте желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.
Қостанай облысының солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ, дауыл болып, солтүстікте, батыста, шығыста жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында найзағай, бұршақ, дауыл болып, түнде және таңертең облыстың оңтүстік-батысында тұман, солтүстікте, батыста жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Атырау облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында найзағай ойнап, күндіз облыстың батысында, шығысында 15-20 м/с.
Күндіз Батыс Қазақстан облысының шығысында найзағай, бұршақ, дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, күндіз батыста, оңтүстік-шығыста жел 15-20 м/с күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, батысында 15-20 м/с жел күшейеді.
Күндіз Қызылорда облысының орталығында жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай, бұршақ, дауыл болып, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда жел 15-20 м/с күшейеді.
Күндіз Алматы облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының таулы аудандарында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде, батысында 15-20 м/с жел күшейеді.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді.
Шығыс Қазақстан облысының Жарма ауданында, Қызылорда, Павлодар, Ақтөбе облыстарының орталығында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.