«Мүгедек болуға көмектесемін». Түркістанда жарты миллион теңгені жымқырған алаяқ ұсталды

Azattyq Rýhy

Қалалық ауруханада дәрігер болып істейтін әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды

«Мүгедек болуға көмектесемін». Түркістанда жарты миллион теңгені жымқырған алаяқ ұсталды
фото: zakon.kz

Түркістанда мүгедектікке шығарып беремін деп, екі бірдей тұрғынды алдаған алаяқ әйел ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Түркістан қалалық полиция бөліміне екі бірдей тұрғын арызданды. Жәбірленушілердің айтуынша, сырттай таныстары мүгедектікке шығарып беремін деп алдап, сенімдеріне кірген. Осылайша жәбірленушінің бірінен 230 000 теңге, екінші жәбірленушіден 250 000 теңге ақшаны қолма-қол алған. Алайда 4 жылға жуық уақыт өтсе де, берген уәдесін орындамай уақытты созып жүрген.

«Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша тіркеуге алды. Осыдан соң тәртіп сақшылары күдіктіні анықтауға арналған арнайы шараларды жүзеге асырды. Полицейлердің жедел жұмысының нәтижесінде бұл жайтқа қатысы бар жергілікті тұрғын ұсталды. Ол орта жастағы әйел болып шықты»,  - деп көрсетті Түркістан облысы Полиция департаменті.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті әйел бұрын қала ішіндегі ауруханалардың бірінде дәрігер болып жұмыс жасаған. Ал жәбірленушілер күдіктіге емделу үшін барған кезде танысқан. Емделушілердің әбден сеніміне ие болған алаяқ, мүгедектікке шығарып беремін деп сөз берген. Қазіргі таңда күдікті әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.